Жетісу ауданында 35 көшеге инженерлік желілер салу жоспарлануда

Жетісу ауданында 35 көшеге инженерлік желілер салу жоспарлануда
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Жетісу ауданында 15 шақырым сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева ӨКҚ брифингінде хабарлады. Оның айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін 23 көшеде инженерлік желілер құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдан бастап Алматы аудандары әкімдіктерінің бюджеттері функцияларды орталықсыздандыру аясында екі еседен астам ұлғайды. Осылайша, Алматы аудандық әкімдіктері абаттандыру жобаларын, жолдарды жөндеуді және т. б. дербес қаржыландырады. 

2024 жылы ауданда ұзындығы 67,5 шақырым болатын 35 көшеге инженерлік желілер салу жоспарлануда. Жобаны іске асыру Кемел шағын ауданын және Солтүстік айналма мен Палладиндегі логтың шығыс бөлігін орталықтан сумен және кәрізбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.