Жерді бөлудің мониторинг картасы әзірленеді

Жерді бөлудің мониторинг картасы әзірленеді
Сурет: Egemen.kz

Еліміз бойынша 8,8 миллион гектар жер тапшы.

Ал бүгінгі күнге дейін оның 5,2 миллион гектары мемлекетке қайтарылған. Енді аталған жайылым жерлерді бөліп-тарату үшін Үкімет пен облыс әкімдіктері бірлесіп мониторинг картасын әзірлемек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Президент кешегі Үкімет отырысында осындай тапсырма берді. Негізгі міндет - шаруаларға жерді тиімді етіп үлестіру керек. Яғни ауыл азаматтарына нақты қолдау көрсетіледі.
 
Ал жамбылдық профессор Аманбай Қарынбаев: "Жерді бөлерде оны ғылыми негізде зерттеп, зерделеп барып шаруаларға беру қажет, - дейді.
 
«Жайылым жерлерді әуелі толығымен мониторинг жасау керек. Өйткені жайылым мәселесінде жылдан-жылға экологиялық жағдайлары, тағы да басқа тиімсіз пайдалану мәселелері де орын алған. Сондықтан бұл - өзекті мәселе»,- дейді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Аманбай Қарынбаев.