Лионель Месси - «Алтын доптың» басты үміткері

Лионель Месси - «Алтын доптың» басты үміткері
Сурет: News.sportbox.ru

Қатарда футболдан әлем чемпионатына қатысып жатқан Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси «Алтын доптың» басты үміткері атанды.

Goal футбол сайтынан мәлім еткеніндей, бұдан бұрын әлем чемпионатында ширек финалдық матчтардан соң үздік ойыншы атанған Л.Месси «Алтын доп» үміткерлерінің де көшін бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мессимен «ПСЖ» клубында (Париж) бірге ойнайтын Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе екінші, норвегиялық Эрлинг Холанд («Манчестер Сити») үшінші орында.

«Алтын доптың» қазіргі иегері, «Реал» және Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема 20-сатыда тұр. К.Бенземаның жарақатына байланысты дүниежүзілік додадан тыс қалғаны белгілі.

Үздік ондыққа кіретін «Алтын доп» үміткерлері:

1. Лионель Месси (ПСЖ)

2. Килиан Мбаппе (ПСЖ)

3. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»)

4. Неймар (ПСЖ)

5. Роберт Левандовски («Барселона»)

6. Винисиус Жуниор («Реал»)

7. Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»)

8. Мохамед Салах («Ливерпуль»)

9. Хвича Кварацхелия («Наполи»)

10. Антуан Гризманн («Атлетико»).

14 желтоқсанға қараған түні Л.Месси жартылай финалда Хорватиямен өтетін ойынға Аргентина құрамасын бастап шығады.