Желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған

Желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Тексеру барысында Жетісу облысының азаматы екені анықталған

Instagram парақшасында заңсыз лотерея ұйымдастырған Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты 70 АЕК (қайта жасалған жағдайда 200 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Сонымен қатар Спорт және туризм министрлігі әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотқа тағы 5 хаттама жолдады. Instagram желісінде заңсыз лотереялық ұтыс ойындарын ұйымдастырудың 10-нан астам фактісі бойынша хаттамалар дайындалып жатыр. Министрлік құқық қорғау органдарымен бірлесіп Интернетте лотереяны заңсыз ұйымдастырушылардың қызметін тоқтату жөніндегі жұмысты жалғастырады.