Жекеменшік оңалту орталығында нәресте қайтыс болды

Жекеменшік оңалту орталығында нәресте қайтыс болды
Сурет: ашық дереккөз

Алматыда жекеменшік балаларды дамыту орталығында кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Алматы қалалық полиция департаменті қайғылы оқиғаның болғанын растады.

«ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау, абайсызда кәмелетке толмаған баланың өлімі» дерегі бойынша тіркелді. Қылмыстық іс бойынша сараптама тағайындалған»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тергеп жатыр.

БАҚ беттерінде жарияланған ақпарат бойынша, баланың үстіне шкаф «құлап кеткен».