Жазғы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты

Жазғы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір медальмен толықты
Сурет: Inform.kz

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиада өтуде. 

Таеквондодан командалық есепте ел құрамасы қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қабылан, Бексултан Мұсахан және Шамсат Дуйсенов командалық жарыста үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандық таеквондошылар жартылай финалда Иран құрамасынан жеңіліп қалды. Салдарынан «қола» медальді қанағат тұтты. Тағы бір «қола» қытайлық спортшыларға бұйырды.

Оңтүстік Корея спортшылары чемпион атанса, ирандықтар екінші орынға жайғасты.

Қазірге дейін ел құрамасы қоржынында 14 медаль бар. Оның 1-і алтын, 5-і күміс, 8-і қола.

Жазғы универсиада 8 тамызда мәресіне жетеді.