Жатақханадағы әділетсіздікке тосқауыл қойылады

Жатақханадағы әділетсіздікке тосқауыл қойылады
Сурет: Мassaget.kz

Арнаулы жедел желі іске қосылды.

Қазақстанда студенттер жатақханадағы әділетсіздікке шағымдана алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы AMANAT партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев айтты.

«Ата-аталар мен студенттерге айтарым бар. Біз жатақханалардағы келеңсіз жағдайды ғана емес, ондағы басқа да мәселелерге назар аударғымыз келеді. Мысалы, жатақханалардағы орын туыстарға немесе таныстарға заңсыз берілуі мүмкін. Осыған біз тосқауыл қоюға дайынбыз», - деді төраға.

Нұржан Жетпісбаев жатақханада 6 жыл тұрғанын, ондағы әділетсіздікті жақсы білетінін де атап өтті.

Осыған байланысты «Жастар Рухы» жастар қанаты арнайы тікелей желіні іске қосты:

+7 776 558 44 39;

Instragram/@jastar_ruhy (Direct-ке де жазуға болады).