Отандық спортшылар Паралимпиадаға қатысады

Отандық спортшылар Паралимпиадаға қатысады
Сурет: Gov.kz

«Токио-2020 Паралимпиада» ойындарында ел намысын 26 спортшы қорғайды

Паралимпиадада ел құрамасы 7 спорт түрі бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.кz. сілтеме жасап.

Төрт күннен кейін басталатын жарысқа спортшыларымыз жолға шықты.

XVI жазғы Паралимпиада ойындары 24 тамыз-5 қыркүйек аралығында өтеді. Қазақстан тарапынан: Сиязбек Дәлиев, Нұрәли Советканов, Зұлфия Ғабидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова, Нұрдәулет Жұмағали, Ержан Сәлімгереев (пара жүзу), Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілхасымқызы (пара жеңіл атлетика), Аманжол Жанбота, Зарина Байбатина, Дәулет Теміржан, Даяна Федосова, Ануар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы (пара дзюдо), Спатай Бибарыс (пара каноэ), Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Досмалова Кәмиля (пара таеквондо), Давид Дегтерев, Раушан Қойшыбаева, Хамаев Рахмеджан, Абдыхалыкова Гүлбану, Солодухина Алина (пара пауэрлифтинг) и Джумабаева Айсулу (пара нысана ату) қатысады. Оған қоса Халықаралық паралимпиада комитетінің (ХПК) шешімімен қазақстандық пара дзюдошы Ерлан Утеповке (100 кг) Паралимпиада ойындарына қосымша жолдама берілді. Ерлан Утепов – пара дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия және Океания чемпионатының жеңімпазы 2019.

«Токио-2020 Паралимпиада ойындарына 7 спорт түрінен 26 спортшымыз қатысады. Токио алдында атлеттер екі апталық карантинде болып, соңғы жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізді. Ойын қарсаңындағы соңғы күндерді спортшылар оқшаулану режимінде өткізіп, сыртқы әлеммен байланысқа түскен жоқ. Осы режимді сақтап Токио ойындарына қауіпсіз жетуге үлкен көмек көрсеткен «Эйр Астана» компаниясына үлкен ризашылығымызды білдіреміз», – деді Ерлан Сулейменов Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы.