Жасөспірімдерге арналған «Saulyq Life» телеграм-боты іске қосылды

Жасөспірімдерге арналған «Saulyq Life» телеграм-боты іске қосылды
Сурет: ашық дереккөз

Осы жерде әр жасөспірім өзін толғандырған сұрақты қойып, мамандардан кеңес ала алады.

«Saulyq Life» атты телеграм-бот іске қосылды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 Барлық қызмет түрі тегін көрсетіледі. Бұл бастама «Жастар денсаулығын сақтау» әлеуметтік жобасы аясында жүзеге асуда. Мамандар ерте жүктілік, түсік жасату сынды проблемалардың алдын алу мақсатында осындай жобаны қолға алған. Мамыр айында қолға алынған шара аясында Астана мен Қызылорда қалаларынан 100-ден астам ерікті арнайы оқудан өткен.
Айта кетейік, «Жастар денсаулығын сақтау» жобасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бастау алды. 2025 жылға дейін жалғасады.

«Біріншіден, жастардың арасында ақпараттық жұмыс жүргіземіз. Осы айтылған мәселелердің алдын алу бойынша. Екіншіден, біз волонтерлік ұйым құрдық. Волонтерлік ұйым тең-теңімен қағидатымен жастардың арасында кең ақпараттық жұмыстар жүргізеді»,- деді «Жастар денсаулығын сақтау» әлеуметтік жобасының жетекшісі Қанат Мырхайдаров.