Жарапазан айтудан жарыс өтеді

Жарапазан айтудан жарыс өтеді
Сурет: Zerkalo.az

Бұған дейін басқарманың жанынан діни ақпарат беру орталығы ашылғанын хабарлағанбыз.

Биыл Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтудан сайыс ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлімдеді.

«Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы ретте игі дәстүрімізді бұқаралық сипатта насихаттау үшін ақпарат құралдары өкілдерін діни басқарманың ізгі бастамаларына ақпараттық қолдау көрсетуге үндеймін», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.