«+77» және «+76» халықаралық кодтарынан түсетін қоңырауларда «Қазақстан» деп шығып тұрады

«+77» және «+76» халықаралық кодтарынан түсетін қоңырауларда  «Қазақстан» деп шығып тұрады
Сурет: Russian.rt.com

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Министр бұл жөнінде  Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік. Енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп, iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді», - деп жазды министр.