Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты

Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты
Сурет: Ашық дереккөз

Шахматшы некесін Дубайда қидырған

Белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік тұрмысқа шықты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz aikyn.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мәңгілікке сендікпін, сен мендіксің», - деп жазды шахматшы.

Әбдімәлік бала кезінен шахматпен айналысқан. Ол 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір оның қоржынында республикалық және әлемдік беделді жарыстардың жүлделері бар.

2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.

2021 жылы Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихатындағы ең жас депутат атанды.