Жандарбек Бекшин: Халықтан тек қана саналы түрде тиылуды сұраймын

Жандарбек Бекшин: Халықтан тек қана саналы түрде тиылуды сұраймын
Сурет: 24.kz

Қаламыздағы эпидахуалдың нашарлағаны жасырын емес. Бірақ осы жағдайға көз жұма қарайтын, мән бермейтін жерлестеріміз көп.

 Бүгін өткен «Ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және COVID-19-дың таралуын алдын алу шаралары» атты онлайн баспасөз мәслихатында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Тамыздың 10-12 аралығында аурудың өршуінің жоғары көрсеткіші байқалады. Әлі де тығылып жасайтын той тоқтаған жоқ, вакцинаны да азаматтарымыз толық алып біткен жоқ. Ресторан мен түнгі клубқа баратын жастар арасында ауру жұқтыру көп. Көпшілік орынға маскасыз бару, ара қашықтық сақтамау ауруды одан сайын көбейтіп отыр. Бақылауды күшейтіп-ақ отырмыз, бірақ халықтың саны көп, бақылаушы барлық жерге бірдей жете бермейді. Сондықтан да халықтан тек қана саналы түрде тиылуды сұраймын», -деді бас санитар.