Жаңбырлы күн райы бүгін де сақталады

Жаңбырлы күн райы бүгін де сақталады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 17-сі күнгі күн райын болжады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.