Германия елімізге көмек көрсетуге дайын

Германия елімізге көмек көрсетуге дайын
Сурет: 24.kz

Неміс кәсіпкерлері елімізде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жәрдемдесуге әзір.

Германиялық бизнесмендер Қазақстан елшілігіне техникалық және гуманитарлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасады. Олар құтқарушыларға сорғы техникасы мен тракторлар беруге ниетті,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұдан бөлек неміс кәсіпкерлері біздегі қайырымдылық қорларына ақша аударған. Қазір жергілікті билік пен ғылыми институттар арасында су тасқынына қатысты тәжірибе алмасып, бірлескен зерттеулер жүргізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр.

«Қазақстанмен жұмыс істеп жатқаныма 3 жыл болды. Біз пайдалы қазбаларды барлау және өндіру салаларындағы жобалармен айналысамыз. Қазақстандағы табиғат апаты жайлы білеміз. Серіктес ретінде елге көмектесу керек деп шештік», - дейді  HMS Bergbau AG компаниясының басқарма төрағасы Деннис Швиндт.

«Ынтымақтастық, көмек, қолдау деген сөздерді жиі естиміз. Бірақ осындай қиын кезеңде ғана олардың мағынасын түсінуге болады. Астана қаласының әкімдігімен байланыстамыз. ЕгеRhenus Logistics компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы жобаларының жетекшісір әкімдік деңгейінде көмек жиналса, біздің компания оны су басқан өңірлерге жеткізіп беруге дайын», - дейді Rhenus Logistics компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы жобаларының жетекшісі Александра Огнева.