Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды
Сурет: Inform.kz

Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімі осылай болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді», - делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында.

Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының Төрағасы болып сайланды.