Жаңаөзенде апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды

Жаңаөзенде апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды
Сурет: Ашық дереккөз

Қаза тапқандар саны төрт адамға жетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі барлық апаттық-құтқару және үйінділерді аршу жұмыстары сағат 18:15-те толықтай аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласының әкімдігінде жарылыстың мән-жайларын анықтаумен және залалдың мөлшерін белгілеумен шұғылданатын комиссия құрылғаны белгілі.

17 сәуірде таңертең қаланың 2-ші ықшамауданында көп қабатты үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан тұрғын үйдің подъезі талқандалды. Қираған алаң 150 шаршы метрді құрады.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны төрт адамға жетті.

ТЖМ жарылыстың орын алуына түрткі алдын ала болжамды жариялады.