Жаңадан құрылған облыстарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артады

Жаңадан құрылған облыстарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі артады
Сурет: Egemen.kz

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш өсімінің қарқынына тоқталғым келеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысындағы өңірлік жалпы өнім көлемі - 2 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысында 1,1 трлн теңгеге дейін артады, ал Ұлытау облысында өңірлік жалпы өнім - 1,2 трлн теңге», - деді Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, 2022 жылы Абай облысының жеке табысы 70 млрд теңгені, Жетісу облысында 58 млрд теңгені, Ұлытау облысында 48 млрд теңгені қамтиды.

«Алдын ала жасалған есептеулерге қарағанда, жаңадан құрылған Алматы облысы алдағы уақытта республикалық бюджеттің доноры болуға қауқарлы. Сонымен қатар жаңадан құрылған өңірлер бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі артады. Оның ішінде Абай облысында 1 трлн теңгеге дейін, Жетісу облысында 275 млрд теңгеге, Ұлытау облысында 855 млрд теңгеге артады», - деді министр.