Алматыда екі ауданда суық су беру тоқтатылады

Алматыда екі ауданда суық су беру тоқтатылады
Сурет: Bel.ru

15 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ға дейін cу болмайды.

 «Алматы Су» МКК мамандары қаладағы екі ауданда суық су беру тоқтатылатынын жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматы Су» таратқан мәліметте 15 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ға дейін Әуезов ауданының аумағында орналасқан Тастақ-1 шағынауданының тұрғын үйлері мен басқа да ғимараттарға, Өтеген батыр көшесімен Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Райымбек даңғылынан Өтеген батыр көшесінен Саин көшесіне дейін суық су беру тоқтатылатыны айтылған.

15 маусым күні сағат 9-дан 15-ке дейін Жетісу ауданының аумағында "Құлагер" ықшамауданының №25-59 үйлерінде суық су болмайды.

«Суық сумен жабдықтау қызметі бойынша аталған шектеулер жаңа су құбырын магистральдық желілерге қосу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген хабарламада.