Теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жеке рекордына қол жеткізді

Теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтингте жеке рекордына қол жеткізді
Сурет: Inbusiness.kz

Жібек Құламбаева 280-нен 273-орынға көтерілді.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 21-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 32-ден 33-ке сырғыды.

Зарина Дияс 199-сатыда тұр. Жарақатына байланысты көгалдағы корттарда болатын жарыстарға, соның ішінде Уимблдон турниріне қатыса алмайтын Заринаның көрсеткіші бірте-бірте құлдырап барады.

Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина 21-сатыда келеді. Жібек Құламбаева 280-нен 273-орынға көтерілді. Сөйтіп, Жібек өзінің жеке рекордына қол жеткізді.

Гөзал Айнитдинова 427-орында қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші ракеткасының әлемдік рейтингіде 37-орынға көтерілгенін, қазақстандық жас теннисшінің Грузиядағы жарыста абсолютті чемпион атанғанын жазған болатынбыз.