Жаңа жылдан бастап Алматыда мектеп автобустары жүреді

Жаңа жылдан бастап Алматыда мектеп автобустары жүреді
ratel.kz

Жаңа жылдан бастап Алматыда мектеп автобустары жүреді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Сұрақ:
- Бостандық ауданына жоғары жақтан қосылған ықшамаудандарға қосымша мектеп автобустары бөлінеді деп едіңіз. Сол қашан іске қосылады?

Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:
- Өткен мәслихаттың отырысында бюджетке кіргіздік. Осы жылы арнайы мектептерге 100 автобус сатып аламыз. Жалпы 2 млрд теңге бөлдік. Автобустарды 1 қаңтардан жібереміз. Қала бойынша әр 8 ауданнан 29 мектепті таңдадық. Бостандық ауданының әкімі берген тізім бойынша әл-Фараби даңғылының жоғары жағындағы мектептерге таңертең жүретін болады.