Жаңа үш облыстың тұрғындары құжатын қайта рәсімдеуі қажет пе?

Жаңа үш облыстың тұрғындары құжатын қайта рәсімдеуі қажет пе?
Сурет: Elorda.info

Ұлттық экономика министрлігі жаңадан құрылған облыстардың тұрғындарын тіркеуге қою жұмысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап.

"Егер басқа аумаққа қоныс аударса немесе қайта тіркеліп жатса, онда жаңа мекенжай жазылады. Сонымен қатар, құжатын жоғалтқандар мен куәлігін жаңартып жатқандарға да жаңа мекенжайдың мәліметтері беріледі. Ал қолындағы құжаттарға немесе тұрғылықты жеріне қатысты қайта тіркеудің қажеті жоқ", - деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков.