Жаңа технологияны жетік біл!

Жаңа технологияны жетік біл!
almaty-akshamy.kz

Медеу ауданына қарасты  «Сұлусай» ықшамауданындағы №197 мектепте  «Жаңа технологияны меңгеру-заман талабы» атты  тақырыпта мектеп басшыларына арналған аудандық семинар болып өтті.  Аталмыш ауданның білім бөлімінің басшысы  Ағайша Сапарованың  айтуынша,   бұл жиынға қатысқан жас мамандардың барлығы жаңа технологияларды жетік меңгерген. Әрі қазіргі талап бойынша     жасанды интеллект, геймификация, тиімді платформалар сынды әдіс-тәсілдерді пайдаланбай  білім беру  еш мүмкін емес көрінеді.  Сондықтан  барлық талапқа сай болуы керек.   Бүгінгі  заман талабы да осы,-дейді.

Семинар барысында жас мамандар     жаңа технологияларды жан-жақты  меңгеріп,  оны тиімді қолданып жүргендіктерін  танытты.

  -Мектебіміздің жас мамандары күнделікті сабақта  қолданып жүрген трендтегі жаңа технологиялардың әдіс-тәсілімен  бөлісті.  Атап айтқанда, физика пәнінің мұғалімі, магистрант Бақдаулет Шәкірханұлы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, магистрант  Айгерім Алмасқызы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Борху Адигул,  инженерия саласы бойынша Кенжеғали Қанатұлы  өткізген сабақтар  қызықты болды,-дейді  мектеп директоры Тұнық егебайқызы. Семинар соңы  «Наурызнама»  мерекесіне ұласты.