Жаңа банкноттар таныстырылды

Жаңа банкноттар таныстырылды
Сурет: ҚҰБ

Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Ұлттық Банк Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде ұлттық валюта банкноталарының жаңа сериясын таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол «Сақ стилі» элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

Жаңа банкноталар сериясы дайын болған кезде айналымға енеді. Номиналы 5 000 теңгелік жаңа дизайн үлгісіндегі алғашқы банкноталар ем осы жылдың соңына дейін қолданысқа шығады.

«Жаңадан айналымға шығарылатын 2 000 теңге. Анықтап қарасаңыз, ұлттық құндылығымыз киіктің суреті бар. Бірақ... біздің Үкімет қазір жазықсыз жануарларды көбейіп кетті деп қырып-жойып жатыр. Кезінде 50 млн. бас қой сыйған қазақтың кең даласына 2 млн. бас киік сыймай қалыпты! Киіктің киесі атып жүрмесінші!», деп жазды журналист Төлен Тілеубай.