Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирі қашан өтеді?

Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирі қашан өтеді?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Жарысқа 20-ға толмаған спортшылар қатысады

Астана қаласында 10-13 наурыз күндері аралығында Олимпиада және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Дәстүрлі жарыс белдесулері 11 наурыз күні басталады деп күтілуде.

Мәскеу Олимпиадасында 48 келіде жеңімпаз атанған Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Күрес түрлері бойынша қазақтан шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы, грек-рим күресінен Әлем чемпионы, Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін чемпионы.