Жағажайда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Жағажайда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Сурет: ашық дереккөз

"Көкжиек" шағынауданы тұрғындарын толғандырған мәселе өз шешімін табады. Шағынаудан тұрғындарының өтініштері бойынша парк аймағын абаттандыру және Есентай өзенінің бойындағы Черновицкая көшесіндегі жағалау аймағын жалғастыру жұмыстары жүргізілуде. Конкурсты осы жылдың маусым айында жариялау жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жұмыстар осы жылдың III тоқсанында басталады.

Жыл соңына дейін "Кемел" шағынауданындағы сквер, "Көкмайса" шағынауданындағы Есентай өзені арнасының жағалауы абаттандырылады. 

- Төтенше жағдай шеңберінде ауданда үнемі су басатын 7 учаске анықталған болатын, оның 6-да жұмыстар аяқталды. Соңғы участок – Уссурийская көшесінің бойымен Екінші теміржол вокзалы мен Баум тоғайына дейінгі аралықта су бұру каналының құрылысы осы жылдың 15 маусымына дейін аяқталады. Сондай-ақ биылғы жылдың қаңтарынан бастап 27 көшеде 26,5 шақырым арық желісін реконструкциялау және салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 2024 жылдың IІІ тоқсанына дейін толығымен аяқталады, - деді Алматы қаласының әкімі Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде.