Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

Жәнібек Әлімханұлы – Винченцо Гуальтери жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі
Сурет: janibek_qazaqstyle

Кәсіпқой бокста WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы деген атаққа ие Жәнібек Әлімханұлы кезекті айқасын 14 қазан күні АҚШ-тың  Розенберг қаласында өткізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Германия боксшысы Винченцо Гуальтериге қарсы жекпе-жекті Qazsport  телеарнасы тікелей эфирден 15 қазан күні таңғы сағат 07:00-ден бастап көрсетеді. «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы айқасты ел аумағында көрсетудің құқық иесі атанды. Жәнібектің чемпиондық белбеуін қорғайтын жекпе-жегін «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен qazsporttv.kz сайтынан да тамашалауға болады.