Жәндіктер қараңғыда неліктен жарыққа үймелейді?

Жәндіктер қараңғыда неліктен жарыққа үймелейді?
Сурет: Rtraveler.ru

Белгілі болғаны, қараңғыда жәндіктер жарыққа ұмтылмайды екен. 

Флорида халықаралық университеті мен Лондонның империал колледжінің ғалымдары зертханада да, ит тұмсығы өтпейтін ну жыныс орманда да (джунглиде) жасанды жарықтың айналасындағы жәндіктердің ұшу бағытын анықтау үшін жылдамдығы жоғары 3D камераларын пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Белгілі болғандай, жәндіктер жарыққа ұмтылмайды, жарық бар боғаны оларды бағытынан жаңылдырады, дәлірегі, навигациялық жүйесіне кедергі келтіреді. Гравитацияға арқа сүйей алмай қалатындықтан жәндіктер жарық маңынан ұзап кете алмайды. Эволюция барысында жәндіктер табиғаттағы жарық көзі - аспанға жотасын беруді үйренген. Тік қалпында қалуы үшін. Ал кешкі жарық бұл жүйеден адастырады. Ғалымдар бұл тарапта жәндіктердің 10 түрі қамтылған 477 бейнені түсірді. Шынында да, барлық түрлер ұшқан кезде жарықты ту сыртында ұстауға талпынатынын анықтады.