Зейнеткер әйел бесінші қабаттан құлап мерт болды

Зейнеткер әйел бесінші қабаттан құлап мерт болды
Сурет: Ашық дереккөз

Кейуана оқиға орнында жан тапсырған

Куәгерлер 85 жастағы зейнеткердің Көбеев көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінің бесінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Alau.kz полиция жазатайым оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алғанын жазады. 

Кейуана оқиға орнында жан тапсырған.

Жедел тергеу тобы оқиға орнында істің мән-жайын анықтап жатқаны да нақтыланады.

Бұған дейін Қызылордада иен даладан адам қаңқасы табылғаны хабарланған болатын.