Зейнетақы активтерін төрт компания басқарады

Зейнетақы активтерін төрт компания басқарады
Сурет: Inform.kz

Бүгінгі таңда зейнетақы активтері төрт компанияның сенімгерлік басқаруында.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Зейнетақы активтерін 4 компания басқарады. Олар «BCC Invest» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Jusan Invset» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ. 2022 жылғы 1 сәуірде зейнетақы активтері инвестициялық портфелінің құны 8,6 млрд теңгені құрады. Зейнетақы активтері портфелінің құрылымына кері РЕПО мәмілелері мен ақша қаражаты (29%), мемлекеттік бағалы қағаздар, оның ішінде ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, ҚРҰБ ноттары (25%), ПАЙ-лар (24%), облигациялар (16%), акциялар мен депозитарлық қолхаттар (5%) кіреді. Валюталар бөлігінде зейнетақы активтері портфелінің құрылымында ұлттық валюта басым (71,5%), АҚШ доллары зейнетақы активтері портфелінің 28,5%-ын құрайды»,  - делінген агенттік хабарламасында.