Зерттеушілер әйелдердің COVID-19-дан жиі зардап шегетінін анықтады

Зерттеушілер әйелдердің COVID-19-дан жиі зардап шегетінін анықтады
Сурет: Inbusiness.kz

Зерттеушілер коронавируспен ауыратын шамамен 1,3 миллионға жуық пациенттің медициналық мәліметтерін талдаған.

Американдық Johnson & Johnson компаниясының медициналық зерттеушілері әйелдер коронавирустың ұзаққа созылған ағымынан ерлерге қарағанда 22%-ға жиі зардап шегетінін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.

Зерттеушілер коронавируспен ауыратын шамамен 1,3 миллионға жуық пациенттің медициналық мәліметтерін талдаған. Аурудың ұзаққа созылған ағымы бар әйелдерде неврологиялық, ревматологиялық және асқазан-ішек ауруы дамыған, шаршау, көңіл-күйдің бұзылуы байқалып, құлақ, мұрын және тамақ ауруы бойынша шағымданған. Ерлер көбіне тек эндокриндік жүйенің бұзылуына (мысалы, қант диабеті) және бүйректің зақымдалуына тап болған.      

Ғалымдар коронавируспен ауыратын пациенттерді емдеу кезінде де, оларға зерттеу жүргізу кезінде де жыныс (әйел немесе ер адам) айырмашылықтарына мән беруді ұсынады.