Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында бірінші орын алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында бірінші орын алды
Сурет: Yuz.uz

Қазақстан құрамасы 21 медаль жеңіп алды.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы 11-18 маусым аралығында Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуынша, жарысқа қатысушылардың виза алу кезінде қиындықтар болған. Сондай-ақ спортшылардың басым бөлігі алғаш рет әлем чемпионатына қатысып отыр.

«Жарыс қорытындысы бойынша, біздің құраманың қоржынында түрлі дәрежедегі 21 медаль бар. Бұл ауыр атлетиканың Қазақстандағы №1 спорт түрі екенін білдіреді. Сондай-ақ атлеттеріміздің алдағы құрлықтық, әлемдік жарыстар мен Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсету үшін зор әлеуеті бар екенін дәлелдейді», - деді ҚР ААФ бас хатшысы Алдияр Нұралинов.