Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
Сурет: Almaty.tv

Бір доллар 454,11 теңге болды.

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,79 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 454,11 теңге. Ұлттық банктің 22 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 447,93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 453 теңге, сатып алу – 458,50 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 451 теңгеден болса, сатып алу құны – 456 теңге.