Зеленский Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Зеленский Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Cурет: Elorda.info

Украина басшысы Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

-Телефон арқылы сөйлесу барысында мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтадым. Ол екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдірді. Қазақстанның гуманитарлық көмегі үшін алғыс айттым, - деп жазды Зеленский Twitter-де.