Алдымызда әділетті Қазақстан құру міндеті тұр - пікір

Алдымызда әділетті Қазақстан құру міндеті тұр - пікір
Сурет: Vecher.kz

Еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын халықтың өзі айқындады.

 Қоғам қайраткерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған сәттен бастап саяси реформаларды дәйекті түрде жүзеге асырып, жүйелі түрде алға жылжып келе жатқанын айтуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 - Президентті сайлау – ел болашағының таңдауы, Қазақстан халқының шешімі –  өте қисынды әрі ойластырылған қадам, - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Қайриев.

 «Бүгінде біздің ортақ болашағымызды құру, Қазақстанның әл-ауқаты туралы сөз боп жатқанын бәрі бірдей түсіне бермейді. Әлемде болып жатқан барлық саяси және экономикалық сілкіністерді ескере отырып, сондай жағдайда өзіміз де қалмау үшін, еліміздің ішкі жағдайларын реттеу керек. Таңдау жасалды, алда бізді жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлаймын. Еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын халық өзі айқындап берді. Енді біздің алдымызда әділетті Қазақстанды құру міндеті тұр. Бүгін біз бәріміз бірге болып, біртұтас халық болып күш салуымыз керек, Мемлекет басшысына сол әділетті қоғамды, экономиканы және, әрине, әділетті мемлекетті құруға көмектесуіміз керек», - деді Рустам Қайриев.