Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына - 125 жыл

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына - 125 жыл
Сурет: Martebe.kz

 Әлем әдебиетіне енген тұңғыш қазақ. Алаш қайраткерлерінің соңғы тұяғының бірі. Абайтанудың басы. Ұлылардың соңы. Ол кім дерсіз... Әрине, Мұхтар Әуезов!

Ұлы қаламгер, жазушы-драматург Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Бүгінде еліміздің бар өңірінде кәнігі сөз зергерінің мерейтойына орай түрлі мәдени, әдеби, ғылыми іс-шаралар өтіп жатыр. Әуезовтану саласы тағы да  қазынаға толды.    

Мұхтар Әуезовтің ой-орамдарынан:

«Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен»

Адамның қай мінезі қасиетті болса, сол мінезі міні де болады.

Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі.

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз.

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Дос таппаған ер азар, басшы бақпаған ел азар.

Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.

Жаза баспас қадам жоқ, жаңылмайтын адам жоқ.

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

Тамыр болдың – айтыс жоқ, қолдан бердің – қайтыс жоқ.

Арқада жыл жақсы болса, арқар ауып несі бар?!

Тумай жатып толдым деме, толмай жатып болдым деме.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан кейін тәртіп керек.

Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік.

Адам көркі – ақыл.

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Білім – бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

Тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.

Жалған намыс – қасиет емес, ар сақтаған – қасиет.

Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле.

Еңбек шыққан жерден төзім де шығады.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Адамшылықты тез жүргізу үшін көп ой керек, ойлау үшін оқу керек.

Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза.

Жауға жалынба, досқа тарылма.