Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

Мемлекет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
Сурет: Akorda.kz

Руханиятымыздың мызғымас діңгегі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі», - деді Президент.