Үздік экобастамаға - 10 миллион теңге

Үздік экобастамаға - 10 миллион теңге
zefirka.net

ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы Қазақстан жастарының үздік экобастамаларына 10 миллион сыйға береді

20 сәуірде сағат 11:00-де «Алматыбасжоспар» ғимаратында ( Абай көш. 90)  «Тұрақты жол» ұлттық әлеуметтік эконауқанын іске қосу  тақырыбында брифинг өтеді.

Соңғы үш жылда Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы «Мен қалдырған эко-із», «Тұрақтылықтың бастауы – өзіміз» және «Green Step» атты 3 экожобаны сәтті жүзеге асырды.

Алматының іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп іске асырылатын «Тұрақты жол» эконауқаны аясында Қазақстан жастары өздерінің экобастамалары мен стартаптарын таныстыра алады, сондай-ақ 10 миллион теңге көлемінде жүлде ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Экожобаның бас серіктесі – Банк ЦентрКредит.

Сонымен қатар, бағдарлама аясында еліміздегі балалардың  шығармашылық дағдыларын ашу, кәсібін жаңадан бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің өз бизнестеріне ESG компоненттерін енгізу арқылы тұрақты дамуға қол жеткізетін бірқатар басқа бастамаларда қамтылады. Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ЮНЕСКО - Іле-Алатау ұлттық паркінің биосфералық резерватында ағаш отырғызу және сенбілік өткізу жоспарлануда.