Юлия Путинцева Рабат жарысының жартылай финалына өте алмады

Юлия Путинцева Рабат жарысының жартылай финалына өте алмады
Сурет: Ашық дереккөз

Спортшылар кездесуді брейк алмасумен бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 195-орында тұрған аргентиналық, 20 жастағы Юлия Риерамен кортқа шықты.

Спортшылар кездесуді брейк алмасумен бастады. Есеп 5:5 болған мезетте Путинцева тағы бір брейкке қол жеткізіп, өз геймін де алды – 7:5.

Есесіне екінші партияда Ю.Риера сәттірек ойнап, сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдаланбағанымен, тағы бір брейк жасап кетті – 6:4.

Үшінші, шешуші сетті аргентиналық теннисші брейкпен бастады – 2:0. Матчты да брейкпен тәмамдады – 6:2.

Екі сағат жарымға жуық уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Путинцева 10 брейк-пойнттың тең жартысын ғана пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 7 брейкпен (19 брейк-пойнт) көзге түсті.

Ю.Риера финалға шығу үшін рейтингте 74-сатыдағы аустриялық Джулия Грабермен таласады. Ол жарыстың бірініш, әлемнің 26-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанды жолдан тайдырды. Есеп 3:6 болып, бірінші партия біткеннен кейін италиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.