Ұтыс жеңімпаздары белгілі болды

Ұтыс жеңімпаздары белгілі болды
almaty-akshamy.kz

«Шаһарымыздың шырағы» атанған «Almaty aqshamy», «Вечерний Almaty» газеттерінде үрдіске айналған жақсы дәстүр қалыптасқан. Мәселен, қос басылым ұзақ жылдан бері газет пен оқырман арасындағы байланысты үзбеу мақсатында ұтыс ойындарын тұрақты өткізіп келеді.

Осылайша оқырмандар да қос газет жариялаған ұтыс ойынына белсене қатысып, өздерінің басылымға деген адалдықтарын танытып отырады. Ұтыс ойыны осымен екінші мәрте өткізіліп отырсада, газетке жазылғанын растайтын түбіртектерді әкелген оқырман қарасы тағы да қалың болды.

Газет жеңімпаздарын «Almaty aqshamy» газеті Бас редакторының орынбасары Әнуарбек Әуелбек пен «Вечерний Almaty» газетінің Бас редакторы Евгений Рақымжанов құттықтап, алдағы баспасөзге жазылу науқанындада белсенді болуға шақырды.

Сонымен, қаламыздың байырғы тұрғындары, «Ақшамның» тұрақты оқырмандары Нұржан Жорабаев қысқа толқынды пеш, Гүлбаршын Әуелбекова шәйнек, Тілепберген Ғұмаров блендер ұтып, жеңімпаз атанды.

– Жыл сайын газетке жазылып, бір бетін де қалдырмай оқып шығамын. Қазір менің жасым 85-те, сәтін салса, 100-ге келгенше оқысам деймін, – дейді Нұржан Жорабаев.