Ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріліп келеді

Ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріліп келеді
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық педагогтер съезінде ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Менің бастамаммен 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» жеке Заң қабылданды. Соңғы төрт жылда ұстаздардың жалақысы 2 есе өсті. Жақында балабақша тәрбиешілерінің айлығы 30 пайызға көбейді. Ұстаздардың еңбек демалысы ұзартылды. Мұғалімнің міндетіне кірмейтін артық жұмыстың бәрі алынып тасталды. Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесіне баса мән беріліп жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен үш жылда 220-ға жуық педагог шетелде оқып келді. Мұғалім мамандығын таңдаған жастарға қойылатын талап күшейді. Осы саладағы студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Бір сөзбен айтқанда, біз, ең алдымен, білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріп отырмыз», -деді Мемлекет басшысы.