Ұшақта жүрегі тоқтаған баланы борттағы жолаушы дәрігер аман алып қалды

Ұшақта жүрегі тоқтаған баланы борттағы жолаушы дәрігер аман алып қалды
Сурет: Astanatv.kz

Оқиға 11 ақпанда Алматы-Орал рейсінің бортында орын алған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ауырып, тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтаған. Айтпақшы, ол диспансерлік есепте тұратын болып шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұшақ бортында жолаушы ретінде облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері болған. Ол дереу баланың жағдайын бағалап, оны жандандырды. Кейін оған дәрілік көмек көрсетілді.

Баланың жағдайы тұрақталып, Орал әуежайына жеткен соң жедел жәрдем бригадасына жеткізілді. Дәрігердің есімі құпия сақталды.