Коммуналдық қызметтерді жеткізу сапасын жақсарту - басты назарда

Коммуналдық қызметтерді жеткізу сапасын жақсарту - басты назарда
Сурет: ашық дереккөз

Бостандық ауданының тұрғындарына коммуналдық қызметтерді жеткізу сапасын жақсарту үшін 2023 жылға 26,5 км инженерлік желілерді реконструкциялау жоспарланған.

Қабылданған шаралар ауданның 150 мыңға жуық тұрғынын сапалы сумен және жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

- Қожанов, Байқадамов және Ганди көшелеріндегі 1,6 км жылу желілері. Аяқталу мерзімі – 2023 жылдың қыркүйек айы.Сондай-ақ, «Мирас» шағынауданындағы жылу желісінің құбырларындағы қысымды өзгерту үшін сорғы станциясын салу жоспарланған. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама  мемлекеттік сараптамада. Осы жылдың наурыз айында сараптама қорытындысы шығады деп күтілуде. Құрылыс-монтаждау жұмыстары биылғы жылдың маусым айында басталып, 2024 жылдың қыркүйегіне дейін аяқталады, - деді қала басшысы Ерболат Досаев аудан халқымен кездесуінде.