Үш облыстың жолы жабылды

Үш облыстың жолы жабылды
Сурет: Еgemen.kz

Жолдарды күтіп-ұстауға 893 арнайы техника мен 1145 жолшы жұмылдырылды.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАвтоЖол-ға сілтеме жасап.

2 ақпан сағат 11.00-дегі ахуалға сәйкес:

Жамбыл облысында – 2 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 534-593 км, Айша Бибі ауылынан Түркістан облысы шекарасына дейін – 59 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады.

"Алматы-Ташкент-Термез" 159-476 км, Кенен ауылынан Ақшолақ ауылына дейін – 317 км. Шектеу жүк көліктері үшін енгізілді (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске

"Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Түркістан облысында – 1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652 км, Жамбыл облысының шекарасынан Машат елді мекеніне дейін – 59 км.Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).