Үрімшіде логистикалық компаниялардың кездесуі өтті

Үрімшіде  логистикалық компаниялардың кездесуі өтті
gov.kz

Үрімшіде қазақстандық және қытайлық көлік-логистикалық компаниялардың кездесуі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады

2024 жылғы 23 наурызда Үрімші қаласында Көлік министрі М.Қарабаевтың Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары шеңберінде көлік-логистикалық ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания қатысты.

ҚХР делегациясын Шыңжаң - Ұйғыр автономиялық ауданы халық үкіметі хатшысының орынбасары Льфан Жю бастап барды.

Іс-шара барысында компаниялар авиациялық, теміржол және автомобиль жүк тасымалдары, сондай-ақ жүк хабтарын құру және теміржол инфрақұрылымын дамыту саласында перспективалар ұсынды.

Іскер топтар кездесуінің қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.