Вакциналанған адамдарға 100 доллардан төлейді

Вакциналанған адамдарға 100 доллардан төлейді
informburo.kz

АҚШ президенті Джо Байден COVID-қа қарсы вакциналанған адамдарға 100 доллардан төлеу туралы ұсыныс айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Interfax ru сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жаңа вакциналанған американдықтарға төлемдер «қосымша ынталандыру» ретінде ұсынылатын болады. Бұл қадам «вакциналау жылдамдығын арттыру, қоғамды қорғау және адам өмірін құтқару» мақсатында жасалып отыр.

АҚШ-тың Калифорния штаты мен Нью-Йорк қаласы барлық үкіметтік ұйымдарға COVID-19-қа қарсы вакцина алуды немесе үнемі тексеріліп тұруды талап етті.  АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары вакциналанған және вакциналанбаған тұрғындарға «дельта» штамына байланысты жабық жерде, әсіресе, елдің эпидемиологиялық қауіпті аймақтарында бетперде киіп жүруді ұсынды.

АҚШ-та пандемия басталғалы бері 35 миллионнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, 628 мыңнан астам адам қайтыс болған.