Үндістан Әскери әуе күштерінің екі жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Үндістан Әскери әуе күштерінің екі жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
сурет:hindustantimes.com

Mirage 2000 тізгіндеген үшінші ұшқыш қаза тапты.

Үндістандағы Әскери әуе күштерінің Су-30 және Mirage 2000 истребительдері Мадхья-Прадеш штатында оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz lenta.ru сілтеме жасап.

Ұшақтар Гвалиор қаласындағы әуе базасынан ұшқан. Содан кейін олар Морена қаласы маңында апатқа ұшыраған.  

Cу-30 истребителінің бортында екі ұшқыш, ал Mirage 2000-ның ішінде тек бір ұшқыш болған.

Зардап шеккен екі ұшқыш табылды, олар шұғыл ауруханаға жеткізілді, екеуінің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Mirage 2000 тізгіндеген үшінші ұшқыш қаза тапты.

Үндістандағы әскери әуе күштерінің басшылығы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрды. Сарапшылар ұшақтар әуеде соқтығысуы мүмкін деген болжамдар айтты.