Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі ауласында көшет отырғызылды

Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі ауласында көшет отырғызылды
Суреттер: ҚайратҚоныспаев

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі ауласындағы гүлзар алаңқайының топырағын қопсытып, көшеттер отырғызылды.

Шара «Гүл егіп, әлемді нұрландыр» акциясы шеңберінде өтті, - деп хабарлайды Almaty-аkshamy.kz.

Күні кеше, 8 ақпанда Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басталғанын мәлімдеді. Науқанының басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау. Ол бір айға созылады.

Бүгін осындай керемет науқанның аясында Ұлт Ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі ауласындағы гүлзар алаңқайының топырағын қопсытып, көшеттер отырғызылып аула тазартылды.

Іс-шараға еліміздің Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет, журналист Қайнар Олжай, актер Байғали Есенәлі, композитор, әнші Қадырғали Көбентай, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің басшысы Ләззат Сағындықова, тілші Қаракөз Сімәділ, ұстаз Аятжан Ахметжан, теле-журналист Мейрамбек Таубалдиев, күйші Толғанай Қасен, әнші Ділназ Бердалиева және музей-үйінің қоғамдық белсенділері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет қала әкімдігінің «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты науқанын өткізу бастамасын қолдайтынын айтты. Оның сөзінше наурыз ежелден айналаны тазартуды бастайтын уақыт, мереке екенін атап өтті. Алматы қаласы музейлер бірлестігінің басшысы Ләззат Сағындықова мұндай науқан тек бір аймен шектелмей одан әрі жалғасатынын баса айтты.