Ұлыбританияда мыңдаған мейрамхана жабылып жатыр

Ұлыбританияда мыңдаған мейрамхана жабылып жатыр
Сурет: ашық дереккөз

Мейрамханалардың жабылуына коммуналдық қызмет пен жалға алу құнының қымбаттауы себеп болған.

Кәсіпкерлер күн санап өсіп жатқан электр энергиясының ақысын төлеуге қауқарсыз. Дәмхана мен барлардың жалға алу бағасы тым шарықтап кеткен, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Independent басылымы өндірістік шығын көлемі де еңсе көтеруге мүмкіндік бермей отырғаны туралы жазды. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ұлыбританияда күніне кемі 10 компания жұмысын тоқтатып отырған.
Алғаш рет елдегі мейрамханалар саны 100 мыңға дейін төмендеді. Бұдан бөлек, азық-түлік құнының өсуі мен жұмысшы тапшылығы да кәсіпкерлік нысандардың жабылуына әсер еткен.