Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды

Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды
Cурет: Кадрдан алынды

700-ден астам жабдық табылып, тәркіленді

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҚМА-ның Алматы бойынша аумақтық департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп, ҚР заңнамалық актілерінің нормаларына қайшы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағының аумағында орналасқан майнингтік ферманы анықтады»,- делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен тінту жүргізу барысында алты контейнерден майнингтік ферма табылды, онда сандық криптовалюта өндірісіне арналған шифрлаушы кешені бар 700-ден астам жабдық табылып, тәркіленді.

«Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды»,-делінген хабарламада.